Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қазандағы № 01-28-384 ұсынуы бойынша, Шойындыкөл ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының аумағында құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылы әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8032 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шойындыкөл ауылының әкімі | Н.Бердығали |