Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 6С-55-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 мамырда № 7855 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 21.12.2023 № 8С-17-5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6958 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына:

      11 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "11. Өмірлік қиын жағдай туындағанда, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша, жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға сауықтыру үшін мемлекеттік сатып алуды өткізу жолымен сатып алынатын жолдамалар өтініш берілген күнге сәйкес кезектілік тәртібімен;

      2) колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге өтініш оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;

      3) жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекендерде тұратын жетім-балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге өтініш, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде;

      4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктермен ауыратындарға, туберкулезбен ауыратындарға, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның тізімі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), немесе оның мүлкіне, жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде отбасының бір мүшесіне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде зиянды өтеу;

      6) босату туралы анықтаманы ұсыну арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      шұғыл емделуге (ота жасауға);

      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;

      облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қайтыс болған әскери міндеттілерді жерлеуге, бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде), жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек ауыл және ауылдық округтер әкімдері ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 пайыз мөлшерінде;

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы аурудан мүгедек деп танылған Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      15 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтінішті біруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық
мәслихатының сессия төрайымы
А.Омарова
      Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Джанадилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады