Жақсы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-1/76 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № а-5/262 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 8206 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № а-6/134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 22.07.2021 № а-6/134 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жақсы ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайларды беру туралы" 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-1/76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7148 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы";

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 12 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Жақсы ауылы, Сейітжан Жакупов көшесі, 86, "ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Жақсы бекетінің темір жол вокзалы ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд";

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 15 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Баяғыз ауылы, Центральная көшесі, 11, "Агрофирма – "Астана Т.А.Н." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсе ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд";

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 18 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Подгорное ауылы, Школьная көшесі, 4б, "Подгорное-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайхана ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд";

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы қазақ тіліндегі 1, 2, 11, 14, 19 жолдарда "бөлімінің", "бөлімі" сөздері алынып тасталсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 6 жолда қазақ тіліндегі "Беловод" сөзі "Беловодское" сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы 9 жолда қазақ тіліндегі "Островский" сөзі "Островская" сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы 13 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Баяғыз ауылы, Центральная көшесі, 11, "Агрофирма – "Астана Т.А.Н." жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі";

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы қазақ тіліндегі 1, 2, 3, 12, 16, 17 жолдарда "бөлімінің" сөзі алынып тасталсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы 4 жолда қазақ тіліндегі "Ешім" сөзі "Ишимское" сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы 7 жолда қазақ тіліндегі "Беловод" сөзі "Беловодское" сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасындағы 10 жолда қазақ тіліндегі "Островский" сөзі "Островская" сөзімен ауыстырылсын, қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Сейдахметоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданы әкімі Б.Малгаждаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жақсы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрайымы
Р.Тлепова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады