Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 12.03.2021 № А-3/83 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, Зеренді ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округі, Қызылсая, Қонысбай, Симферополь ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 1211,3 шаршы километр "АлтайГео" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан 2024 жылға дейін мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "АлтайГео" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т.Әленовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 25 қазанынан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Зеренді ауданының әкімі | Б.Ғайса |