Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6/3 "Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 39/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 7739 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 46/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 03.08.2020 № 46/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5541 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қыркүйекте "Сандыктауские вести" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:

      1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, аудандық әкімдігінің жанындағы орталық алаңы;

      2) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдыңдағы алаң.";

      2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі және Калинин тұйык көшесінің қиылысынан бастап Абылай хан көшесі бойынша аудандық әкімдігінің жанындағы орналасқан орталық алаңға дейін;

      2) Абылай хан көшесі және Роза Люксембург тұйык көшесінің қиылысынан бастап Абылай хан көшесі бойынша аудандық Мәдениет үйінің ғимаратына дейін.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш.Докаев
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Үисімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады