Сандықтау аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 46/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 тамызда № 7981 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5541 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қыркүйекте "Сандыктауские вести" аудандық газетінде жарияланған);

      2) Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6/3 "Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 13 наурыздағы № 39/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7739 болып тіркелген, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Бектуров
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының әкімі А.Үисімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады