Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 5541 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 46/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 46/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Джейранов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов

      2016 жылғы 25 тамыздағы

  Сандықтау аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 25 тамыздағы
№ 6/3 шешіміне
қосымша

Сандықтау ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:

      1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, аудандық әкімдігінің жанындағы орталық алаңы;

      2) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдыңдағы алаң.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 39/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      1) Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі және Калинин тұйык көшесінің қиылысынан бастап Абылай хан көшесі бойынша аудандық әкімдігінің жанындағы орналасқан орталық алаңға дейін;

      2) Абылай хан көшесі және Роза Люксембург тұйык көшесінің қиылысынан бастап Абылай хан көшесі бойынша аудандық Мәдениет үйінің ғимаратына дейін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 39/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Іс-шара уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.
      4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
      1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрінбей тұруы қажет;
      2) бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат етіледі.
      5. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізілетін объектісінің алдында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.
      6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Сандықтау ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады