Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 215/30-6 "Целиноград ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 390/58-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 7763 болып тіркелді. Күші жойылды Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 160/29-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 160/29-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-11/510 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-8 "Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7457 тіркелген) шешіміне сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 12 маусымдағы № 215/30-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6705 тіркелген, 2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және Ақмол, Арайлы, Жаңаесіл, Жарлыкөл, Қабанбай батыр, Қараөткел, Қосшы, Қызыл суат, Нұресіл, Оразақ, Приречный, Рахымжан Қошқарбаев, Родина, Софиевка, Талапкер, Тасты, Шалқар ауылдық округтері, Қоянды, Мәншүк ауылдары үшін ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Я.Мофа
      Целиноград аудандық мәслихатының
хатшысы
Б.Ибраев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады