"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. К. Айткужиноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Целиноград ауданының әкімі | Б.Оспанбеков |
Целиноград ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "16" қазанындағы № А-3/289 қаулысымен бекітілген |
2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 21.12.2020 № А-3/394 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 2378 | 7521 | 32599,6 | 32599,6 | 3 жасқа дейін - 8800 3 жастан 6 жасқа дейін - 11000 | 16000 |
2 | Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | 460 | - | 16299,8 | - | - | - |