Целиноград ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қазандағы № А-3/289 "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № А-3/394 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 8257 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Целиноград ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қазанда № А-3/289 "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8083 тіркелген, 2020 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. К. Айткужиноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 15 қазанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Целиноград ауданының әкімі Б.Оспанбеков


  Целиноград ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ А-3/394 қаулысына
қосымша 1
  Целиноград ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "16" қазанындағы
№ А-3/289 қаулысымен
бекітілген

2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

2378

7521

32599,6

32599,6

3 жасқа дейін - 8800 3 жастан 6 жасқа дейін - 11000

16000

2

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

460

-

16299,8

-

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады