"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 3 хаттамасының негізінде, Бурабай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Д. Есжанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Д. Есжановқа жүктелсін.
4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылғы 7 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі | А.Муздыбаев |