Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 13.09.2022 № 7С-27/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихаттың LXVІІ (кезектен тыс) сессиясының төрайымы |
К.Умуртаева |
Бурабай аудандық мәслихат хатшысы |
У.Бейсенов |
Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қазандағы № 6С-67/8 шешіміне 1-қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 13.09.2022 № 7С-27/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.06.2024 № 8С-17/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Бурабай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Щучинск қаласының Абылайхан көшесі бойынша орналасқан орталық қалалық алаңы.
2. Щучинск қаласының Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан алаңы.
3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Щучинск қаласының Абылайхан көшесі, Тургайская көшесінің қиылысынан Бәйтерек көшесінің қиылысына дейін.
4. Бурабай кентінің Кенесары көшесінде орналасқан орталық алаңы.
5. Бурабай кентінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: 4 желіден Алимусин көшесіне дейін.
6. Қызылағаш ауылының Мектеп көшесінде орналасқан орталық алаңы.
7. Абылайхан ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Мектеп көшесіндегі Қызылағаш орталық алаңынан мешітке дейін.
8. Веденовка ауылының Октябрьская көшесінде орналасқан орталық алаңы.
9. Веденов ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Веденовка ауылының орталық алаңынан Октябрьская көшесіндегі дәрігерлік амбулаторияға дейін.
10. Златополье ауылының Центральная көшесінде орналасқан орталық алаңы.
11. Златополье ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жол жүру маршруты: Златополье ауылының орталық алаңынан Центральная көшесіндегі "Қазпошта" Акционерлік қоғамы бөлімшесіне дейін.
12. Зеленый Бор ауылының Цой көшесінде орналасқан Мәдениет үйінің алдындағы алаң.
13. Зеленобор ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Зеленый Бор ауылының Мәдениет үйінен Цой көшесіндегі спорт кешеніне дейін.
14. Қатаркөл ауылының Ленин көшесінде орналасқан орталық алаң.
15. Қатаркөл ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Қатаркөл ауылының орталық алаңынан Ленин көшесіндегі "Пингвин" дүкеніне дейін.
16. Кенесары ауылының Тәшенев көшесінде орналасқан орталық алаң.
17. Кенесары ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Кенесары ауылының орталық алаңынан Тәшенев көшесіндегі "Дастархан" дүкеніне дейін.
18. Атамекен ауылының Школьная көшесінде орналасқан орталық алаң.
19. Атамекен ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Атамекен ауылының орталық алаңынан Школьная көшесіндегі дәрігерлік амбулаторияға дейін.
20. Ұрымқай ауылының Ленин көшесінде орналасқан орталық алаң.
21. Ұрымқай ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Ұрымқай ауылының орталық алаңынан Ленин көшесіндегі "Камилла" дүкеніне дейін.
22. Успеноюрьевка ауылының Мир көшесінде орналасқан орталық алаң.
23. Успеноюрьев ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Успеноюрьев ауылының орталық алаңынан Мир көшесіндегі орта мектепке дейін.
Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қазандағы № 6С-67/8 шешіміне 2-қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 13.09.2022 № 7С-27/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.06.2024 № 8С-17/14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Бурабай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып пайдаланылады. Мамандандырылған орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда бейбіт жиналыстар өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Бурабай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды шекті толтыру нормалары:
1) Щучинск қаласының Абылайхан көшесінде орналасқан орталық қалалық алаң, шекті толу нормасы 100 адам;
2) Щучинск қаласының Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан алаң, шекті толу нормасы 30 адам;
3) Щучинск қаласында бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Щучинск қаласының Абылайхан көшесі Торғай көшесінің қиылысынан Бәйтерек көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам;
4) Бурабай кентінің Кенесары көшесінде орналасқан орталық алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
5) Бурабай кентінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: 4 желіден Алимусин көшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
6) Қызылағаш ауылының Мектеп көшесінде орналасқан орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
7) Абылайхан ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Мектеп көшесіндегі Қызылағаш орталық алаңынан мешітке дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
8) Веденовка ауылының Октябрьская көшесінде орналасқан орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
9) Веденов ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Веденовка ауылының орталық алаңынан Октябрьская көшесіндегі дәрігерлік амбулаторияға дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
10) Златополье ауылының Центральная көшесінде орналасқан орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
11) Златополье ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру маршруты: Златополье ауылының орталық алаңынан Центральная көшесі бойынша "Қазпошта" Акционерлік қоғамы бөлімшесіне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
12) Цой көшесінде орналасқан Зеленый Бор ауылының Мәдениет үйінің алдындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам;
13) Зеленобор ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Зеленый Бор ауылының Мәдениет үйінен Цой көшесіндегі спорт кешеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
14) Қатаркөл ауылының Ленин көшесінде орналасқан орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
15) Қатаркөл ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру маршруты: Қатаркөл ауылының орталық алаңынан Ленин көшесі бойынша "Пингвин" дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
16) Ташенев көшесінде орналасқан Кенесары ауылының орталық алаңы, шекті толымдылық нормасы 50 адам;
17) Кенесары ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Кенесары ауылының орталық алаңынан Тәшенев көшесі бойынша "Дастархан" дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
18) Школьная көшесінде орналасқан Атамекен ауылының орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
19) Атамекен ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Атамекен ауылының орталық алаңынан Школьная көшесіндегі дәрігерлік амбулаторияға дейін, шекті толу нормасы 30 адам;
20) Ленин көшесінде орналасқан Ұрымқай ауылының орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
21) Ұрымқай ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Ұрымқай ауылының орталық алаңынан Ленин көшесі бойынша "Камилла" дүкеніне дейін, шекті толу нормасы 30 адам.
22) Мир көшесінде орналасқан Успеноюрьевка ауылының орталық алаңы, шекті толу нормасы 50 адам;
23) Успеноюрьев ауылдық округінде бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру маршруты: Успеноюрьевка ауылының орталық алаңынан Мир көшесі бойынша орта мектепке дейін, шекті толу нормасы 30 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдаланукезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 2 метрді құрайды.
8. Пикеттеуді жүзеге асыратын тұлғалар арасындағы бір қатысушы өткізетін ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Бурабай ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қазандағы № 6С-67/8 шешіміне 3-қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 13.09.2022 № 7С-27/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Бурабай ауданының келесі объектілерінің іргелес аумақтарының шекараларынан 400 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.