Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2020-2021 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
|
2020 жылғы "____" ___________ |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 134 қаулысына қосымша |
2020-2021 жылдарға арналған Ақтөбе облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтар атауы | Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Ұлттық спорт түрлерінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы |
"А" тобы | ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек* | Ауыр атлетика | Биатлон | Аударыспақ | Арбада билеу |
Әмбебап жекпе-жек | Бокс | Конькимен мәнерлеп сырғанау | Қазақ күресі | Қол күресі | |
Белбеу күресі | Грек-рим күресі | Шайбалы хоккей | Жекпе-жек | Дзюдо | |
Грепплинг | Дзюдо | Шаңғы жарысы | Тоғызқұмалақ | Жеңіл атлетика | |
Таэквондо GTF* | Жүзу | Жағажай волейболы | |||
Джиу-джитсу | Классикалық волейбол | Отырып ойнау волейболы | |||
Таэквондо ITF* | Каратэ WKF* | Оқпен ату | |||
Кекушинкай каратэ | Таэквондо WTF* | Пауэрлифтинг | |||
Панкратион | Еркін күрес | Үстел теннисі | |||
Пауэрлифтинг | |||||
Самбо | |||||
Судомодельдік спорт | |||||
Дойбы | |||||
"В" тобы | Балық аулау спорты | Баскетбол | Шорт-трек | Асық ату | |
Гір спорты | Жеңіл атлетика | Көкпар | |||
Еркін күрес (сурдо) | Қол добы | Теңге ілу | |||
Жеңіл атлетика (сурдо) | Теннис | ||||
Жүзу (сурдо) | Үстел теннисі | ||||
Кикбоксинг | Футбол | ||||
Қоян-қолтық ұрыс | |||||
Спорттық туризм | |||||
Ушу | |||||
Шахмат | |||||
"С" тобы | Автомодельдік спорт | Әйелдер күресі | Конькимен жүгіру | Бәйге | |
Альпинизм | Ашық суда жүзу | Керлинг | Жамбы ату | ||
Бодибилдинг | Байдаркада және каноэде есу | ||||
Волейбол (сурдо) | Велоспорт | ||||
Грек-рим күресі (сурдо) | Көркем гимнастика | ||||
Дзюдо (сурдо) | Құзға өрмелеу | ||||
Дойбы (сурдо) | Семсерлесу | ||||
Допты хоккей | Садақ ату | ||||
Каратэ киокушинкай-кан | Су добы | ||||
Киберспорт | Триатлон | ||||
Қол күресі | |||||
Қол күресі (сурдо) | |||||
Мотокросс | |||||
Муайтай | |||||
Nomad ММА | |||||
Пенчак силат | |||||
Президенттік көпсайыс | |||||
Спорттық би | |||||
Тоғызқұмалақ (сурдо) | |||||
Үстел теннисі (сурдо) | |||||
Шағын футбол (сурдо) | |||||
Шағын-футбол | |||||
Шаңғы жарысы (сурдо) | |||||
Шахмат (сурдо) |
Ескертпе:
* аббревиатуралардың түсіндірмесі:
ММА – Миксд Мартиал Артс (Мixed Martial Arts);
Таэквондо GTF – Глобал таэквондо федерейшн (Global taekwon-do federation);
Таэквондо ITF – Интернейшнал таеквондо Федерейшн (International Taekwon-do Federation);
Каратэ WKF – Уолд каратэ Федерейшн (Каратэ World Karate Federation);
Таэквондо WTF – Уолд таэквондо Федерейшн (Таэкводо World taekwondo Federation).