Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 180 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 сәуірде № 7075 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 10.03.2021 № 73 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" және 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 10.1-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздар түрі - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін облыстың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 1 732 126 000 (бір миллиард жеті жүз отыз екі миллион бір жүз жиырма алты мың) теңгеден аспайды;

      3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады