Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихатының тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Т. Талаева |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Калдыгулова |
2020 жылғы 10 тамызы № 556 Облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Ақтөбе облыстық мәслихатының тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115 "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3575 тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
2. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 мамырдағы № 310 "Есет батыр Көкіұлының (1667-1749) мавзолей-кешені - тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғат ландшафты аймағы туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4396 тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 мамырдағы № 311 "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4397 тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
4. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 "Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4690 тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
5. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 80 "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5238 тіркелген, 2017 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық нұсқада жарияланған);
6. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 228 "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5792 тіркелген, 2018 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық нұсқада жарияланған);
7. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 358 "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5964 тіркелген, 2018 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық нұсқада жарияланған).