"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 311 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 маусымда № 4397 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 556 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы мәслихатының 10.08.2020 № 556 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 127-бабының 2-тармағына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10171 тіркелген, Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимі қағидаларының 3, 9-тармақтарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 115 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3575 тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспеде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1218 қаулысымен бекітілген, Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың қағидалары және оларды пайдалану режимінің 3, 8-тармақтарына" сөздері "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10171 тіркелген, Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимі қағидаларының 3, 9-тармақтарына" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстықмәслихаттың хатшысы
      В. ЩЕГЕЛЬСКИЙ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады