Ақтөбе облысының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру тәртібін, олардың сипаттамасын және біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 309 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 тамызда № 7332 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру тәртібі, олардың сипаттамасы және біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері айқындалсын.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі
      О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 18 тамыздағы
  № 309 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру тәртібі, олардың сипаттамасы және біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Ақтөбе облысының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру тәртібі, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысы педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерінің тәртібін айқындайды.

      2. Жергілікті ерекшелік белгісі, мектепке дейінгі ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, 10 (он) және одан да көп жыл жұмыс өтілі және жоғары, бірінші біліктілік санаттары бар, сондай-ақ, педагог-шебер, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санаттары бар педагогтеріне мынадай шарттардың бірі болғанда беріледі:

      1) облыстық немесе республикалық сараптамалық кеңестерде мақұлдау алған оқу-әдістемелік кешендердің, оқулықтар мен әдістемелік-дидактикалық материалдардың авторлары (бірлескен авторлары) болып табылатын тұлғалар;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі іштей пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, WorldSkills кәсіби шеберлік конкурсының, ғылыми, спорттық, әскери-қолданбалы конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар;

      3) білім беру және тәрбиелеу процесіне оқытудың жаңа технологияларын, нысандары мен әдістерін енгізген тұлғалар;

      4) іштей кәсіптік конкурстардың, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік іс-шараларға қатысқан тұлғалар.

      5 (бес) жыл ішінде материалдық көтермелеу алған "Үздік педагог" республикалық конкурсының жеңімпаз-педагогтарының кандидатуралары жергілікті ерекшелік белгісін беруге қарау үшін жіберілмейді.

      3. Ақтөбе облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін педагогқа осы Тәртіптің 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес жергілікті ерекшелік белгісі – "Ақтөбе облысының үздік педагогі" төсбелгісі (бұдан әрі – төсбелгісі) беріледі. Төсбелгімен бірге осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті куәлік беріледі.

      4. "Ақтөбе облысының құрметті ұстазы" құрметті атағы (бұдан әрі –құрметті атақ) мектепке дейінгі ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, 20 (жиырма) және одан да көп жыл, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және жоғары, бірінші біліктілік санаттары бар, сондай-ақ, педагог-шебер, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші санаттары бар педагогтеріне облыстың білім саласына ерекше сіңірген еңбегі болғанда беріледі:

      1) облыстың білім саласына қосқан зор үлесі, осы салаға сіңірген айрықша еңбегі;

      2) білім саласындағы аса үздік жетістіктері үшін.

      Құрметті атақты берумен бірге осы Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті куәлік беріледі.

      Құрметті атақ өмір бойына беріледі.

2. Төсбелгі мен құрметті атақты беру тәртібі

      5. Педагогтерге төсбелгі мен құрметті атақты беру бойынша ұсыныстарын қарау үшін Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      6. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      7. Комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, білім саласындағы қоғамдық кеңестің, әдістемелік қызметтің, кәсіби біліктілігін арттыру институтының, кәсіподақтың және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы филиалының өкілдері енгізіледі. Комиссия төрағасы Ақтөбе облысы әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.

      8. Төсбелгіні дайындауды қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      9. Педагогтерді марапаттау осы Тәртіптің 4-қосымшасына сәйкес бағалау критерийлері негізінде жүзеге асырылады.

      10. Педагогтерді марапаттауға негіз хаттамамен рәсімделген комиссия шешімі болып табылады. Комиссия шешімінің негізінде марапатталушылар тізімі бекітілген облыс әкімдігінің қаулысы қабылданады.

      11. Педагогтерді марапаттау құжаттары "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекесіне орай қарастырылады.

      12. Мектепке дейінгі ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердің, мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне төсбелгі мен құрметті атақты беру үшін Басқарманың кадр қызметіне мына құжаттар тапсырылады:

      1) осы Тәртіптің 5-қосымшасына сәйкес қалалық және аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім беру ұйымдарының (меншік нысанына қарамастан) ұсынысы;

      2) осы Тәртіптің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі марапаттау парағы;

      3) педагогикалық кеңес шешімінен үзінді;

      4) педагог портфолиосы.

      13. Педагог портфолиосы оның соңғы 3 (үш) жылдағы жеке кәсіби жетістіктері мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің, оқушылардың, студенттердің) жетістіктерін растайтын құжаттар мен материалдарды қамтиды.

      Ұсыныс пен марапаттау парағына үміткерді ұсынған қалалық және аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім беру ұйымдарының басшылары қол қояды.

      14. Ұсыныс Басқармаға осы тәртіптің 11-тармағында белгіленген күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, тиісті құжаттардың және еңбектерінің көшірмелерімен қоса жолданады.

      15. Бір атақпен қайта марапаттауға жол берілмейді.

      16. Марапаттау туралы куәліктің телнұсқасы "телнұсқа" сөзі жазылып, қолданыстағы үлгідегі бланкілерде беріледі.

      Төсбелгі мен құрметті атақты және марапаттау туралы куәліктер жоғалып кеткен жағдайда (жоғалған, ұрланған, бүлінген) олардың телнұсқалары Комиссия шешімі бойынша беріледі.

      17. Төсбелгі мен құрметті атақтан айыру педагог мәртебесіне кір келтіретін теріс қылықтарды жасағаны үшін жұмыстан босату, соттың заңды күшіне енген айыптау үкімінің болуы кезінде жүзеге асырылуы мүмкін. Төсбелгі мен құрметті атақтан айыру оларды беру тәртібі негізіндегідей жүзеге асырылады.

      18. Педагогтерге төсбелгі мен құрметті атақты беру Басқармамен салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.

3. Біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері

      19. "Ақтөбе облысының үздік педагогі" төсбелгісіне ие болған педагог тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 (бес жүз) еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.

      20. "Ақтөбе облысының құрметті ұстазы" құрметті атағына ие болған педагог тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300 (үш жүз) еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.

      21. Ақшалай сыйақы төлемін облыстық бюджет есебінен Басқарма жүргізеді.

  Ақтөбе облысының педагогтеріне
  жергілікті ерекшелік белгісі мен
  құрметті атағын беру тәртібі, олардың
  сипаттамасы және біржолғы сыйақы
  төлемдерінің мөлшеріне
  1-қосымша

"Ақтөбе облысының үздік педагогі" төсбелгісінің сипаттамасы

      "Ақтөбе облысының үздік педагогі" төсбелгісі аспа мен тағаннан тұрады.

      Аспа сары түсті металл-жезден дайындалады. Диаметрі 32 мм болатын, қалыңдығы 2 мм шеңбер нысанында болады.

      Төсбелгінің бет жағында алтын түсті күн, ашылған кітап, әріптер, төменгі жағында қалықтаған қыран бейнелері орналасқан.

      Төсбелгінің сыртқы жағында мемлекеттік тілде "Ақтөбе облысының үздік педагогі" деген жазу соғылған, жоғары жағында Ақтөбе облысының символикасы орналасқан. Төсбелгідегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы.

      Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 25 мм тағанға жалғанған. Таған көкшіл лентамен қапталған. Тағанның сол жақ бөлігінде ені 8 мм ою орналасқан. Тағанның жоғары және төменгі жағы сары металл жолақшалармен жиектелген.

      Тағанның сыртқы жағында визорлы бекіткіші бар түйреуіш орналастырылған, соның көмегімен тағып жүру үшін төсбелгі киімге бекітіледі.

     


  Ақтөбе облысының педагогтеріне
  жергілікті ерекшелік белгісі мен
  құрметті атағын беру тәртібі, олардың
  сипаттамасы және біржолғы сыйақы
  төлемдерінің мөлшеріне
  2-қосымша

"Ақтөбе облысының үздік педагогі" төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      Сыртқы жағы

      АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

      АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

      КУӘЛІК

      УДОСТОВЕРЕНИЕ

      Ішкі жағы

      КУӘЛІК

      УДОСТОВЕРЕНИЕ

      № _________

      ____________________ осы куәлік жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу

      (тегі - фамилия) ісіндегі елеулі табыстары үшін

      "Ақтөбе облысының үздік педагогі" төсбелгісімен

      марапатталғандығын растау үшін берілді.

      _____________________ Настоящее удостоверение выдано в том, что

      (аты - имя) он(а) за значительные успехи в деле обучения

      и воспитания подрастающего поколения

      награждена(а) нагрудным знаком

      "Ақтөбе облысының үздік педагогі"

      __________________________

      (әкесінің аты - отчество)

      Ақтөбе облысының әкімі

      Аким Актюбинской области

      М.П.

  Ақтөбе облысының педагогтеріне
  жергілікті ерекшелік белгісі мен
  құрметті атағын беру тәртібі, олардың
  сипаттамасы және біржолғы сыйақы
  төлемдерінің мөлшеріне
  3-қосымша

"Ақтөбе облысының құрметті ұстазы" құрметті атағы куәлігінің сипаттамасы

      Внешняя сторона

      АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

      АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

      КУӘЛІК

      УДОСТОВЕРЕНИЕ

      Внутренная сторона

      КУӘЛІК

      УДОСТОВЕРЕНИЕ

      № ________

      _____________________________

      (аты тегі - фамилия)

      ____________________________

      (аты - имя)

      ______________________________

      (әкесінің аты - отчество)

      Осы куәлік "Ақтөбе облысының құрметті ұстазы" құрметті атағымен марапатталғандығын растау үшін берілді.

      Настоящее удостоверение выдано в том, что он(а) награжден(а) почетным званием "Ақтөбе облысының құрметті ұстазы"

      Ақтөбе облысының әкімі

      М.О.

      Аким Актюбинской области

      М.П.

  Ақтөбе облысының педагогтеріне
  жергілікті ерекшелік белгісі мен
  құрметті атағын беру тәртібі, олардың
  сипаттамасы және біржолғы сыйақы
  төлемдерінің мөлшеріне
  4-қосымша

"Ақтөбе облысының үздік педагогі" төсбелгісін беру жөніндегі үміткерлердің қызметін бағалау критерийлері

№ п/п

Көрсеткіш атауы

Ақпарат көзі

Тиімділігі

бағалау (балмен)

1.

Оқу-әдістемелік кешеннің, оқулықтың авторы

Республикалық сараптау кеңесінің қорытындысы

Сынақтан өткізу және практикалық қызметке енгізу

5

2.

Оқу-әдістемелік кешеннің, оқулықтың авторы

Облыстық сараптау кеңесінің қорытындысы

Сынақтан өткізу және практикалық қызметке енгізу

4

3.

Оқу-әдістемелік кешеннің, оқулықтың бірлескен авторы

Республикалық сараптау кеңесінің қорытындысы

Сынақтан өткізу және практикалық қызметке енгізу

4

4.

Оқу-әдістемелік кешеннің, оқулықтың бірлескен авторы

Облыстық сараптау кеңесінің қорытындысы

Сынақтан өткізу және практикалық қызметке енгізу

3

5.

Әдістемелік-дидактикалық материалдардардың авторы

Республикалық сараптау кеңесінің қорытындысы

Сынақтан өткізу және практикалық қызметке енгізу

3

6.

Әдістемелік-дидактикалық материалдардардың авторы

Облыстық сараптау кеңесінің қорытындысы

Сынақтан өткізу және практикалық қызметке енгізу

2

7.

Әдістемелік-дидактикалық материалдардардың бірлескен авторы

Республикалық сараптау кеңесінің қорытындысы

Сынақтан өткізу және практикалық қызметке енгізу

1

8.

Әдістемелік-дидактикалық материалдардардың бірлескен авторы

Облыстық сараптау кеңесінің қорытындысы

Сынақтан өткізу және практикалық қызметке енгізу

0,5

9.

Педагогтің халықаралық деңгейдегі кәсіби конкурстарға, іс-шараларға қатысуы

Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)

1,2,3 орын

Бас жүлде 5,6
1 орын -5,5
2 орын -5,4
3 орын – 5,3

10.

Педагогтің республикалық деңгейдегі кәсіби конкурстарға, іс-шараларға қатысуы

Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)

1,2,3 орын

Бас жүлде -4,6
1 орын -4,5
2 орын -4,4
3 орын -4,3

11.

Педагогтің облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстарға, іс-шараларға қатысуы

Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)

1,2,3 орын

Бас жүлде -3,6
1 орын -3,5
2 орын -3,4
3 орын -3,3

12.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің халықаралық деңгейдегі зияткерлік (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне), спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы

Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)

1,2,3 орын

Бас жүлде 5,6
1 орын -5,5
2 орын -5,4
3 орын – 5,3
Үздік маман (ТжКББ) -4

13.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің республикалық деңгейдегі зияткерлік (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне), спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы

Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар, сертификаттар)

1,2,3 орын

Бас жүлде -4,6
1 орын -4,5
2 орын -4,4
3орын -4,3
Үздік маман (ТжКББ) -3

14.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, студенттердің облыстық деңгейдегі зияткерлік (пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне), спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға, "WorldSkills" кәсіби шеберлік конкурсына қатысуы

Жеңімпаздың орнын растайтын құжаттар (дипломдар

1,2,3 орын

Бас жүлде -3,6
1 орын -3,5
2 орын -3,4
3 орын -3,3
Үздік маман (ТжКББ) -2

15.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің, оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың тұрақты жоғары нәтижелері бар оқушылар (соңғы үш жылдағы мониторинг

Ұлттық бірыңғай тестілеу, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін растайтын құжаттар

90-нан 100%-ге дейін

5

16.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің, оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың тұрақты жоғары нәтижелері бар оқушылар (соңғы үш жылдағы мониторинг)

Ұлттық бірыңғай тестілеу, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелерін растайтын құжаттар

79 -дан 89%-ға дейін

4

17.

Оқытылатын пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелілігі (соңғы үш жылдағы мониторинг)

Білім беру ұйымы басшысының анықтамасы (қолы, мөрі)

Үлгерім-100%, білім сапасы кемінде 70%

5

18.

Оқытылатын пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелілігі (соңғы үш жылдағы мониторинг)

Білім беру ұйымы басшысының анықтамасы (қолы, мөрі)

Үлгерім-90%, білім сапасы кемінде 60%

4

  Ақтөбе облысының педагогтеріне
  жергілікті ерекшелік белгісі мен
  құрметті атағын беру тәртібі, олардың
  сипаттамасы және біржолғы сыйақы
  төлемдерінің мөлшеріне
  5-қосымша

Педагогты көтермелеуге ұсыныс

1.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


2.

Туған күні, айы, жылы


3.

Ұлты


4.

Мекенжайы


5.

Жұмыс орны


6.

Лауазым


7.

Педагогикалық өтілі


8.

Осы мекемедегі жұмыс өтілі


9.

Білімі (бітірген оқу орны, факультеті, бітірген жылы)


10.

Біліктілік санаты


11

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы


12.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖСН)


13.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)


14.

Марапаттар, көтермелеу


15.

Марапаттауға ұсынылатын үміткердің жеке кәсіби жетістіктері және білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің, студенттерінің) жетістіктері соңғы үш жылдағы құжаттар мен материалдар


16.

Өзге де мәліметтер


17.

Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (№ _ хаттама "____"____________20__ жыл)


18.

Марапатқа ұсынылады


      Қосымша: құжаттар _____ парақ.

      Толтырған күні "___"_______________20__ жыл

      Педагогтың жеке қолы _________________________

      Білім беру ұйымының басшысы____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Білім беру ұйымы басшысының қолы _______________)

      Күні "____" _____________ ________ жыл

      Мөрдің орны

      ________________________________________

  Ақтөбе облысының педагогтеріне
  жергілікті ерекшелік белгісі мен
  құрметті атағын беру тәртібі, олардың
  сипаттамасы және біржолғы сыйақы
  төлемдерінің мөлшеріне
  6-қосымша

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________

      2. Лауазымы, жұмысы, қызмет орны _____________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бөлімшесінің нақты атауын көрсету қажет)

      3. Жынысы ___________________________________________________________

      4. Туған жылы және туған жері _______________________________________

      5. Ұлты _____________________________________________________________

      6. Білімі ___________________________________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні ____________________________________________________________________

      9. Мекен-жайы _______________________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________

      11. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________

      12. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ____________________________

      13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі

      _________________________________________________________________

      Үміткер талқыланды және ұсынылды __________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, талқылау мерзімі, хаттама №

      Ұсынылады ______________________________

      (марапат түрі)

      Кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысы

      _____________________________

      (қолы)

      __________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      мөрдің орны

      "___" ________________ ж

      (толтырған күні)

      Ескерту: марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және транскрипциясы міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады