Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылдық округін Тұмабұлақ ауылдық округі деп қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 қазандағы № 567 бірлескен шешімі және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 372 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қазанда № 7560 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 шілдедегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылдық округі Тұмабұлақ ауылдық округі деп қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.З. Шермағанбетке жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А. Айтжанов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. Калдыгулова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады