2020 жылға Ақтөбе қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 574 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 6798 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға Ақтөбе қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Абдуллин

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтары № 574 қаулысына қосымша

2020 жылға Ақтөбе қаласы бойынша ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

р/н №

Ұйымдардың атаулары

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындары ның саны (бірлік)

1

"Энергосистема" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақтөбе облысының аймақтық электржүйелік компаниясы

50

4%

1

2

"Восток нефть и сервисное обслуживание" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

4%

4

3

"Актобе Фудс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

4%

1

4

"Sinooil" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Актөбе филиалы

212

4%

8

5

"Лайнс Джамп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

39

4%

2

6

"Golden Rill Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақтөбе қаласындағы филиалы

38

4%

2

7

"Ақтөбе хром қосындылары зауыты" акционерлік қоғамы

125

4%

5

8

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы

37

4%

1

9

"Сагиз Петролеум Компани" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

37

4%

1

10

"Альфа Банк" Еншілес банк акционерлік қоғамы

90

4%

4

11

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Мейірім" жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

37

4%

1

12

"КазПромСтройГрупп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

37

4%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады