Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 578 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 7372 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.06.2023 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Сакиев
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шинтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 578 шешіміне қосымша

Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Бір айға құны (теңге)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

1.1

жайлы үйлердің жеке тұлғалары үшін

1 тұрғын

180

1.2

жайлы емес үйлердің жеке тұлғалары үшін

1 тұрғын

200

1.3

заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін, ҚҚС қоспағанда

1 м3

1629,81

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтер

2.1

жайлы және жайлы емес үйлердің жеке тұлғалары үшін

1 тұрғын

0

2.2

заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 м3

0

      Ескерту:

      ҚҚС – қосымша құн салығы;

      м3 – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады