Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ақтөбе қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 578 "Ақтөбе қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7372 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы |
А. Даржанова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 31 шешіміне 1 қосымша |
Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,010 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,170 | |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 2,512 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,157 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 1,679 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,461 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,546 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,326 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,110 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 2,263 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,144 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,209 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,165 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,112 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,806 |
15. | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,639 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,261 |
17. | Өнеркәсіптік, азық-түлік, тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,173 |
18. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,461 |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,673 |
20. | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,390 |
21. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,732 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 4,88 |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,765 |
24. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,153 |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,542 |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесы | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,136 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,074 |
28. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,066 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,118 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,267 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,910 |
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 31 шешіміне 2 қосымша |
Ақтөбе қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептеу бірлігі | Қызмет құны, теңге |
1 | Жайлы үйлер | тұрғын/айына | 417 |
2 | Жайлы емес үйлер | тұрғын/айына | 450 |
3 | Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м3 | 2489,14 |