Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 595 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 қарашада № 7722 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 және 7-баптарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7322 тіркелген, 2020 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Ақтөбе қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      жоғарыда аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрайымы
А. Бактыгалиева
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шинтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашасы № 595 шешіміне қосымша
  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 шешіміне 1 қосымша

Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық жабдықтау

Олардың шекті толу нормасы

1.1

Қалалық мәдениет Үйінің алдындағы алаң (Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Жеңіс даңғылы, 31)

- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

500 адамнан артық емес

2.2

"Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппараты" ММ ғимаратының алдындағы алаң (Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Қарғалы тұрғын алабы, 60 лет октября көшесі, 20Б)

- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

500 адамнан артық емес

      2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық жабдықтау

Олардың шекті толу нормасы

2.1

Жеңіс даңғылы бойымен: Бейбітшілік даңғылынан Қаратаев көшесіне дейін

Маршруттың ұзақтығы 430 метрді құрайды.
- даңғыл бойында көше жарықтандырылған;
- бейнебақылау және бейнетіркеу камералары;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

300 адамнан артық емес

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Ақтөбе қаласының жергілікті өкілді органымен айқындалды.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шаралар өткізіледі.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Осы Тәртіппен реттелмейген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады