Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 404 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 7042 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 13.06.2024 № 225 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5597 тіркелген, 2017 жылы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында

      2 тармақтың 1) тармақшасы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      8 тармақта:

      3) тармақшада:

      "орталық" деген сөз алып тасталсын;

      9 тармақта:

      9-1 тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі:

      1) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдеріне сәйкес;

      2) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, уәкілетті органның әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсететін жалғыз тұратын қарт азаматтарға;

      3) әрбір адамға табыстарын есепке алмай, онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын амбулаториялық ем алу кезіндегі науқастарға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне сәйкес;

      4) отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларды қоспағанда, арнайы аудандық комиссия бекіткен ауылдық округ әкімдері ұсынған тізімдеріне сәйкес.

      Әлеуметтік көмек төтенше жағдай кезеңінде бір рет және бір адамға тек бір санат бойынша беріледі.

      Әлеуметтік көмек құжаттарсыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.".

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрайымы
С. Биртаева

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Тансыкбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы

      _______________________Б. О. Елеусинова
      "____"________________20___ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады