Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 188 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 шілдеде № 7319 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 342 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 22.12.2020 № 342 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 13 шілде № 2-6-3/68 ұсынысы негізінде, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға қаласының Әбубәкір көшесінің аумағында мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Алға ауданы
Алға қаласының әкімі
Н. Сурбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады