Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 2-6-3/159 ұсынысы негізінде, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, Алға қаласының Әбубәкір көшесінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 188 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7319 тіркелген, 2020 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасары Б. А. Досымовқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданы Алға қаласының әкімі | Н. Сурбаев |