2020 жылға арналған Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 24 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 ақпанда № 6816 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ырғыз ауданы әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Ырғыз ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде ұйымдар бөлінісінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз ауданының әкімі А. Шахин

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 24 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Ырғыз ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері /жұмыс-керлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны

1

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

2

"Ырғыз аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

51

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады