Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 305 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 322 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 7047 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 395 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 395 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 "Әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Қобда аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 305 "Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6930 тіркелген, 2020 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      Осы шешіммен бекітілген Қобда ауданындағы әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:

      "9-1. Төтенше жағдай кезеңінде 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа толмаған мүгедек балаларға және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға құзырлы ұйымның ұсынған тізімдеріне сәйкес, әр адамға кірісін есептемегенде;

      2) төтенше жағдай кезеңінде онкологиялық аурулармен, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратын амбулаториялық ем алушы азаматтарға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұсынған тізімдеріне сәйкес, кірісін есептемегенде;

      3) отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 – еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларын қоспағанда, ауылдық округ әкімдері ұсынған тізімдеріне сәйкес;

      4) Құзырлы органның әлеуметтік қызметкерлері қызмет көрсететін жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге".

      2. "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Борамбаев
      Қобдау аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Ергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады