Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 129 "Қобда аудандық мәслихатының кейбір қолданыстағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5790 тіркелген, 2018 жылы 12 қантарда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін;
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1), 2), 3), 5), 6) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Қобда аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 210 "Қобда аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 129 "Қобда аудандық мәслихатының кейбір қолданыстағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5999 тіркелген, 2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін;
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1), 2), 3), 5), 6) тармақшалары алынып тасталсын.
3. "Қобда аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Г. Балгарина |
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Ергалиев |