Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 21 "2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 341 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 7775 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 21 "2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6805 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 ақпанда электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшада:

      1-жолдағы "Мәртөк аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны" деген сөздер "Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      2-жолдағы "Родники" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздер "РОДНИКИ-АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      5-жолдағы "Экспоинжиниринг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздер "ЭКСПОИНЖИНИРИНГ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      6-жолдағы "Агрофирма Коквест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздер "Агрофирма "Коквест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі Е. Кенжеханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады