Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 19.10.2020 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 2-11-3/535 ұсынысының негізінде, Жайсаң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекеніндегі "Айдос" шаруа қожалығының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ақтөбе облысы "Мәртөк ауданының Жайсаң ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Жайсаң ауылдық округінің әкімі | Ж. Есмухамбетов |