Шектеу іс-шараларын алу және Ащысай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 3 "Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Амангелді нүктесі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қаңтарда № 6648 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 2-12-4/217 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Амангелді нүктесі аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс - шаралары алынсын.

      2. Ащысай ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 3 "Мұғалжар ауданы Ащысай ауылдық округінің Амангелді нүктесі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6364 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұғалжар ауданының Ащысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ащысай ауылдық округінің әкімі
      Б. Оразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады