Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 27.10.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 16 шілдедегі № 02-13-4/131 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан листериоз ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Тасқұдық нүктесінде орналасқан "Ересен" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылдық округінің әкімі | Қ. Аққайыр |