Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 07.07.2021 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 2-14-07/411 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Алтықарасу ауылдық округі Еңбекші ауылы Шығырлы қыстағында орналасқан "Арна" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтықарасу ауылдық округінің әкімі | М. Алишов |