"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 17 маусымдағы № 2-14-07/120 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Алтықарасу ауылдық округі Еңбекші ауылы Шығырлы қыстағында орналасқан "Арна" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 24 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7754 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алтықарасу ауылдық округінің әкімі | М. Алишов |