Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Ойыл ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 111 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 шілдеде № 7246 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1- тармағының 10) тармақшасына, 37- бабының 1, 2 – тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 9 бабының 1- тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Ойыл ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 111 қаулысына қосымша

Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп- қарау негізінде Ойыл ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады