Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. Орыс тіліндегі 1 тармақ жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 27.10.2020 № 451 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Ойыл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. Қазақ тіліндегі 2 тармақ жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 27.10.2020 № 451 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді.
Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 27.10.2020 № 451 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б. Жумырбаев |
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Жиеналин |
Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 448 шешіміне 1 қосымша |
Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары
Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 27.10.2020 № 451 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:
№ | Арнайы орындар | Материалдық-техникалық жабдықтау | Олардың шекті толу нормасы |
1.1 | "Даңқ" саябағы (Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Б. Жолмырзаев көшесі №46А) |
- жасанды жарықтандыру; | 200 адамнан артық емес |
2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:
№ | Арнайы орындар | Материалдық-техникалық жабдықтау | Олардың шекті толу нормасы |
2.1 | Желтоқсан көшесінен бастап, И. Құрманов көшесі бойымен, Б. Жолмырзаев көшесіне дейін |
Маршруттың ұзақтығы 1,3 километрді құрайды. | 200 адамнан артық емес |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Ойыл ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария ісшаралар өткізіледі.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Осы Тәртіппен реттелмейген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 448 шешіміне 2- қосымша |
Ойыл ауданындағы пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 28.03.2024 № 127 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта өткізуге:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.