Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйегіндегі № 448 "Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7407 тіркелген, 2020 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі 1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Уилском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, согласно приложению 1 к настоящему решению.", қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
қазақ тіліндегі 2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Ойыл ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.", орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
қазақ тіліндегі сөйлем соңындағы ";," тыныс белгісі, "." тыныс белгісімен ауыстырылсын,
орыс тіліндегі сөйлем соңындағы ";" тыныс белгісі, "." тыныс белгісімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының атауы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары".
2. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б. Жумырбаев |
Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Жиеналин |