Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Казгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамымен Қатынадыр аймағы мен Кемпірсай тау-кен ауданы шегіндегі мыс-колчеданды және мыс-порфир кендерін барлау үшін, Хромтау ауданы Қызылсу, Көктөбе, Аққұдық, Құдықсай, Дөң ауылдық округтерінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 215 270 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2020 жылдың 15 мамырынан 2020 жылдың 31 шілдесіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитуты белгіленсін.
2. Пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланған кезде "Казгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С.Жаконовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі |
Н. Алдияров |