Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 ақпандағы № 428 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 ақпанда № 6832 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 02.11.2020 № 565 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 108 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5528 тіркелген, 2017 жылы 15 маусымдағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "№ 148" және "№ 95-IV" сандары алып тасталынсын;

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9 тармақта:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге төлемдердің толық өтелуіне;";

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген тізімге сәйкес, жылына 6 (алты) айға дейіңгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;";

      және мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде.";

      10 тармақта:

      10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;";

      13 тармақта:

      1) тармақшасында:

      "300000 (үш жүз мың)" сөздері мен сандары "500000 (бес жүз мың)" сөздері мен сандарына ауыстырылсын;

      4) тармақшасында:

      "50000 (елу мың)" сөздері мен сандары "30000 (отыз мың)" сөздері мен сандарына ауыстырылсын;

      5) тармақшасында:

      "25000 (жиырма бес мың)" сөздері мен сандары "50000 (елу мың)" сөздері мен сандарына ауыстырылсын;

      6) тармақшасында:

      "25000 (жиырма бес мың)" сөздері мен сандары "50000 (елу мың)" сөздері мен сандарына ауыстырылсын;

      16 тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      17 тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
М. Ержанов
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады