Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 524 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 7444 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 және 9 баптарына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Шалқар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Ж. Былқайыр
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 524 шешіміне 1 қосымша

Шалқар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары

      1. Жиналыстар, митингілер, пикеттеу ұйымдастыру және өткізу үшін:

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық жабдықтау

Олардың шекті толу нормасы

1.1

Е. Көтібарұлы және І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысындағы І. Үргенішбаев ескерткішінің алды

- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

300 адамнан артық емес

1.2

Е. Көтібарұлы көшесі бойында орналасқан, "Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайы" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

- жасанды жарықтандыру;
- электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

300 адамнан артық емес

      2. Демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:

Арнайы орындар

Материалдық-техникалық жабдықтау

Олардың шекті толу нормасы

2.1

Бозой тас жолынан, әрі қарай А.Жұбанов көшесінің бойымен Е.Көтібарұлы және І.Үргенішбаев көшелерінің қиылысына дейін

маршруттың ұзақтығы 1 километр 700 метрді құрайды;
- көшелер бойы жарықтандырылған;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

200 адамнан артық емес

2.2

Ә. Молдағұлова және Е. Көтібарұлы көшелерінің қиылысынан, әрі қарай Е. Көтібарұлы көшесінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін

маршруттың ұзақтығы 990 метрді құрайды;
- көшелер бойы жарықтандырылған;
- санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жабдық (қоқыс үшін жәшіктері);
- тұрақ ;
- арнайы техникаға, өрт техникасына, құтқару және медициналық қызметтеріне арналған кіру және шығу үшін өту жолдары.

200 адамнан артық емес

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы (әрі қарай - Заң) негізінде әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар жалпыға ортақ пайдаланылатын орын болып табылады және бейбіт жиналыстар өткізу үшін Шалқар ауданының жергілікті өкілді органымен айқындалды.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін жария іс-шаралар өткізіледі.

      Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда қолданыстағы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

      Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге "Төтенше жағдай туралы", "Соғыс жағдайы туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      Осы Тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 524 шешіміне 2 қосымша

Шалқар ауданындағы пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 16.02.2024 № 191 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады