Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 119 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 27 наурызда № 5443 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      Алматы облысы әкімдігінің "Жер қойнауын пайдалану саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 шілдедегі № 322 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5217 тіркелген, 2019 жылдың 13 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

      Алматы облысы әкімдігінің "Кәсіпкерлік саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 шілдедегі № 323 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5216 тіркелген, 2019 жылдың 15 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады