2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласы, Өтенай және Еркін ауылдық округтері жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының | |
сессия төрайымы | Ж. Нурлыбаева |
Талдықорған қалалық мәслихатының | |
хатшысы | Т. Ахажан |
Талдықорған калалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 454 шешіміне 1-қосымша |
Талдықорған калалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 454 шешіміне 2-қосымша |
Талдықорған калалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 454 шешіміне 3-қосымша |