Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 5 "Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 6 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 10 желтоқсанда № 5796 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Талдықорған қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қаласы әкімінің "Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 13 тамыздағы № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5605 тіркелген, 2020 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Қосымшадағы:

      "№ 993 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Талдықорған қаласы, Қазақстан көшесі № 110, "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Абай атындағы № 1 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 993 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Талдықорған қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы № 62, "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (батыс қанаты)";

      Қосымшадағы:

      "№ 1015 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Еркін ауылы, Болашақ көшесі № 20, республикалық "Отан" қоғамдық бірлестігінің "Алматы облыстық кәсіби-техникалық оқу орталығы" білім беру мекемесі" жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 1015 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі № 26, "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 26 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (шығыс қанаты)".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. А. Арзанбековаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Г. Абдраймов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Талдықорған қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы Е. Қошанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады