Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17-70 "Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 75-271 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 7 қыркүйекте № 5637 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қапшағай қалалық мәслихатының "Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17-70 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4191 тіркелген, 2017 жылдың 04 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындауын бақылау Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Мейрамгуль Казбековна Айтоваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қапшағай қалалық мәслихаттың
      сессия төрағасы Б. Абенов
      Қапшағай қалалық маслихатының
      хатшысы К. Ахметтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады