Қапшағай қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-15 "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 12-20 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 5837 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 12-21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 04.01.2024 № 12-21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2006 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қапшағай қаласы әкімінің "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4946 тіркелген, 2018 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Қосымшаның 4 тармағындағы:

      "Орталығы: Қапшағай қаласы, 3-шағын аудан, № 9, "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Малыш балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны." жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Орталығы: Қапшағай қаласы, 3-шағын аудан, № 9, "Малыш балабақшасы" Жеке кәсіпкер.";

      Қосымшаның 5 тармағындағы:

      "Шекарасы: Қапшағай қаласы, 2-шағын аудан: № 1, № 2, № 3, № 3а, № 4, № 5, № 6а, № 6б, № 37, № 38; Қойшыманов көшесі № 1-ден 37-ге дейін, Энергетическая көшесі № 1, № 2, № 3, № 5; Наурыз көшесі № 1-ден 7, № 9, № 13, № 14, № 15, № 18; Хмельницкий көшесі № 1 ден 19-ға дейін, № 27, № 28; Степная көшесі № 1, № 2, № 5, № 6, №8, № 10; тас өңдеу зауытының жатақханасы." жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Шекарасы: Қапшағай қаласы, 2-шағын аудан: № 1, № 2, № 3, № 3а, № 4, № 5, № 6а, № 6б, № 37, № 38; Қойшыманов көшесі № 1-ден 37-ге дейін, Энергетическая көшесі № 1, № 2, № 3, № 5; Наурыз көшесі № 1-ден 7, № 9, № 13, № 14, № 15, № 18; Хмельницкий көшесі № 1 ден 19-ға дейін, № 27, № 28; Степная көшесі № 1, № 2, №4, № 5, № 6, №8, № 10; тас өңдеу зауытының жатақханасы.";

      Қосымшаның 6 тармағындағы:

      "Орталығы: Қапшағай қаласы, "Ивушка" шағын ауданы, №5/1, "Бәйтерек" Қапшағай колледжі." жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Орталығы: Қапшағай қаласы, Қойшыманов көшесі, № 10 А, "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұр-Бөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.";

      Қосымшаның 8-тармағы жолындағы "19-шағын аудан: № 1г, № 11;" деген сөздер "19-шағын аудан: №1 а, № 1г, № 11;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Қосымшаның 11 тармағындағы:

      "Орталығы: Қапшағай қаласы, Сейфуллин көшесі, № 32, "Қазақ автодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облыстық филиалының № 15 жол пайдалану учаскесінің әкімшілік ғимараты." жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Орталығы: Қапшағай қаласы, Сейфуллин көшесі, № 28/1, "Қапшағай аймағының Газ жүйелері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";

      Қосымшаның 15 тармағы:

      "№ 947 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қапшағай қаласы, 5-шағын аудан, № 5а, қалалық балалар емханасы.

      Шекарасы: Қапшағай қаласы, 5-шағын аудан: № 2а, № 2б, № 2в, № 3, № 4, № 5, № 6, № 9, № 10-нан 13а-ға дейін." жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 947 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қапшағай қаласы, 5-шағын аудан, 1 ғимарат, 4 тұрғын емес жай, "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кешкі (ауысымдық) мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қапшағай қаласы, 5-шағын аудан: № 2а, № 2б, № 2в, № 3, № 3/1, № 4, № 5, № 6, № 9, № 10-нан 13а-ға дейін.";

      Қосымшаның 17-тармағындағы:

      "Шекарасы: Қапшағай қаласы, 4-шағын аудан: № 1-ден 4-ке дейін, № 6, № 18, № 19, № 26; 2-шағын аудан: № 9-дан 14-ке дейін, № 16, № 18." жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Шекарасы: Қапшағай қаласы, 4-шағын аудан: № 1-ден 4-ке дейін, № 6, № 18, № 19, № 26; 2-шағын аудан: № 9-дан 14-ке дейін, № 16, № 18, № 47."

      Қосымшаның 21-тармағы жолындағы "Әуезов көшесі №4." деген сөзден кейін "Жамбыл көшесі." деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Б. Ф. Дуйсенбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Куматаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қапшағай қалалық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы М. Айтова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады