"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Еңбекші ауылдық округінің Еңбекші ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы, Еңбекші ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекші ауылдық округінің Еңбекші ауылындағы "М. Әуезов" көшесі "Шіре ана" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Сагымбеков |