"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Лепсі ауылдық округі Лепсі ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Лепсі ауылдық округінің Лепсі ауылындағы жаңа көшелеріне "Сәкен Сейфуллин", "Әл-Фараби" атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С. Копчикбаев |