"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Т. Бейсембаевқа жүктелсін.
3. Осы шешімнің 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін қосымшасының 2 және 3- тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Д. Чажабаев |
Жамбыл аудандық мәслихат хатшысы | С. Жұрын |
Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы "29" сәуірдегі № 70-327 шешіміне қосымша |
Жамбыл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жамбыл ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2018 жылғы 21 маусымдағы № 39-188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4758 тіркелген, 2018 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2. "Жамбыл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 49-232 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5047 тіркелген, 2019 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. "Жамбыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2019 жылғы 28 қарашадағы № 62-286 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5313 тіркелген, 2019 жылдың 09 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).