Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 59-164 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 24 ақпанда № 5426 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Салық салуға Есік қаласының жерін сызба аумақтарға бөлу, кадастрлық кварталдарға және селолық елді мекендерін, жерді бөлу мен селолық аумақтарды жоспарлау және өңірлік ұйымдастыруды бекіту туралы" 2008 жылғы 28 ақпандағы № 11-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-8-70 тіркелген, 2008 жылдың 25 сәуірінде аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының сессия төрағасы Н. Надыров
      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады