Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 59-164 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабы, 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, 7-бабы 5-тармағына, жоспарлау-картографиялық материалдар мен есептеулерге сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты шешім қабылдады:
1. Салық салуға Есік қаласының жерін сызба аумақтарға бөлу, кадастрлық кварталдарға және селолық елді мекендерін, жерді бөлу мен селолық аумақтарды жоспарлау және өңірлік ұйымдастыруды бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ташполат Жамалович Жамаловқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық маслихаттың 11-сессиясының төрағасы | Қ. Бұланбаева |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ә. Талқанбаев |